---
title: "Түркістан облысында темір жол көпірінің бөлігі құлады"
description: "Әлеуметтік желіде темір жол көпірі құлады делінген видео тарады. Видеода көрініп тұрғандай, пойыз өтіп бара жатқанда көпірдің бір бөлігі құлайды. Желі қолданушылары"
author: "jan.123"
published: "2024-03-04T06:05:48+00:00"
modified: "2024-03-04T06:05:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-temir-zhol-k-pirini-b-ligi-lady-1001848"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-temir-zhol-k-pirini-b-ligi-lady-1001848/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан облысында темір жол көпірінің бөлігі құлады

> Әлеуметтік желіде темір жол көпірі құлады делінген видео тарады. Видеода көрініп тұрғандай, пойыз өтіп бара жатқанда көпірдің бір бөлігі құлайды. Желі қолданушылары

*Әлеуметтік желіде темір жол көпірі құлады делінген видео тарады. *

![Түркістан облысында темір жол көпірінің бөлігі құлады](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/faaacd5bee966df7de507272dfb53b.jpg)

Видеода көрініп тұрғандай, пойыз өтіп бара жатқанда көпірдің бір бөлігі құлайды. Желі қолданушылары құлаған көпірдің бір шетіндегі жазу екенін айтады. Және де бұл Шымкент пен Ақсукент арасындағы тас жол деп жатыр.

Құдай сақтап, темір құлаған кезде көпір астында адам да, көлік те болмаған.

Видеоны [мына жерден](https://www.instagram.com/p/C4Da3hVIM4I/) көруге болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-temir-zhol-k-pirini-b-ligi-lady-1001848](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-temir-zhol-k-pirini-b-ligi-lady-1001848)