---
title: "Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш..."
description: "Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. \"18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-19T05:35:13+00:00"
modified: "2024-05-19T05:35:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-sh-k-n-b-ryn-zho-alyp-ketken-sh-zhasar-yzdy-denesi-tabyldy-video-1004763"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-sh-k-n-b-ryn-zho-alyp-ketken-sh-zhasar-yzdy-denesi-tabyldy-video-1004763/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен үш...

> Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. "18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар...

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы Сіргелі ауылында үш жасар Асылымның денесі табылды. Ол қарама-қарсы тұрған көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/cae5a99852f41f11eb45b27efe6519.jpg)

"18.05.24 сағат 22:50 шамасында табылды. Енді оқиға қалай болғаны жөнінде полициядан хабар күтеміз. Дәлелсіз әртүрлі әңгімеге ермеңіздер. Медициналық сараптама жүргізеді. Нәтижесін күтейік", - деп жазды блогер [Gani Museraliuly](https://www.instagram.com/kgm_videos/).

Асылым 16 мамырда жоғалған болатын.

"Таңғы асты ішіп біткен сәтте үлкендер әрлі-берлі жиналғанша ізім-ғайым жоғалды. Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылы. Шағын ауыл жоқ іздеп өре түрегелді", - деп жазған еді журналист[Гүлмира Әбіқай](https://www.facebook.com/profile.php?id=100003191968019).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-sh-k-n-b-ryn-zho-alyp-ketken-sh-zhasar-yzdy-denesi-tabyldy-video-1004763](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-sh-k-n-b-ryn-zho-alyp-ketken-sh-zhasar-yzdy-denesi-tabyldy-video-1004763)