---
title: "Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақпен..."
description: "Шымкентте бұрынғы әйелін кепілге алып, арнайы жасақтан қашқан еркек ұсталды. Ол келіншекті Түркістан облысында пышақпен қорқытып, кепілге алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғыны үш жыл бұрын ажырасып..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-20T11:19:33+00:00"
modified: "2024-03-20T11:19:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-er-adam-b-ryn-y-yelin-pysha-pen-or-ytyp-kepilge-al-an-1002481"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-er-adam-b-ryn-y-yelin-pysha-pen-or-ytyp-kepilge-al-an-1002481/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан облысында ер адам бұрынғы әйелін пышақпен...

> Шымкентте бұрынғы әйелін кепілге алып, арнайы жасақтан қашқан еркек ұсталды. Ол келіншекті Түркістан облысында пышақпен қорқытып, кепілге алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады. Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғыны үш жыл бұрын ажырасып...

Шымкентте бұрынғы әйелін кепілге алып, арнайы жасақтан қашқан еркек ұсталды. Ол келіншекті Түркістан облысында пышақпен қорқытып, кепілге алған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қызылорда облысының 34 жастағы тұрғыны үш жыл бұрын ажырасып кеткен әйелін Сайрам ауданынан алып кеткен. Оны тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ Шымкентте қуып жетті. Осылайша, олар әлгі азаматты шамамен 30 шақырымға дейін қуып барыпты.

Тіпті күдіктіні ұстау үшін жарықпен дыбыс шығарғыш граната қолдануға тура келді. Ал қашқын 31 жастағы келіншегін тамағынан жаралап үлгерген.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-er-adam-b-ryn-y-yelin-pysha-pen-or-ytyp-kepilge-al-an-1002481](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-er-adam-b-ryn-y-yelin-pysha-pen-or-ytyp-kepilge-al-an-1002481)