---
title: "Түркістан облысында қар жауды"
description: "Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті. Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты. Бұл бейнежазба Қазығұрт..."
author: "orazali"
published: "2024-05-26T04:42:10+00:00"
modified: "2024-05-26T04:43:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-ar-zhaudy-1004980"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-ar-zhaudy-1004980/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Түркістан облысында қар жауды

> Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті. Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты. Бұл бейнежазба Қазығұрт...

Жаз жақындағанда еліміздің солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де қар түсті.

Кеше Шымкентте жойқын дауыл тұрып, нөсер жауын мен бұршақтан көшелер суға батып жатқанда, оған іргелес Түркістан облысында қар жауыпты.

Бұл бейнежазба Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылының тұсында түсірілген.

"Бүгін - 2024 жылдың 25 мамыры", - дейді видео авторы.

Аталған облыста бүгін жаңбыр жауып, ол да қарға ұласуы мүмкін делініп отыр.

https://t.me/otyrarkz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-ar-zhaudy-1004980](https://yvision.kz/kk/post/t-rkistan-oblysynda-ar-zhaudy-1004980)