---
title: "Тәрбие басы - тал бесік"
description: "Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-т..."
author: "a_bahyt"
published: "2011-01-25T07:21:17+00:00"
modified: "2011-01-25T07:21:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rbie-basy-tal-besik-112411"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-rbie-basy-tal-besik-112411/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәрбие басы - тал бесік

> Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-т...

**Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жетерлік. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастыратын, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипатын айқындала түседі.**

«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, Шыншыл, әділетті, иманды болу, сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Бұрынғы ата-бабаларымыз ұлттық салт-дәстүрімізді мықтап ұстауын талап еткен. Ал қазіргі тәрбиеміз бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бұның себебі қазіргі тәрбиемізде десек артық айтқандық болмас.

Тәрбие басы - тал бесік демекші сондықтан келешек ұрпағымыз тәрбиелі болсын десек, кішкентай кезінен бастап отан сүйгіштікке, мақсаткерлікке, ақылдылыққа, қайырымдылыққа, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу керек.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-rbie-basy-tal-besik-112411](https://yvision.kz/kk/post/t-rbie-basy-tal-besik-112411)