---
title: "Тұрғындармен ашық диалог өтті"
description: "Тұрғындармен ашық диалог өттіБүгін Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тоба..."
author: "zhanaozen.nurotan.kz"
published: "2020-12-14T13:33:54+00:00"
modified: "2020-12-14T13:33:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yndarmen-ashy-dialog-tti-890717"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yndarmen-ashy-dialog-tti-890717/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұрғындармен ашық диалог өтті

> Тұрғындармен ашық диалог өттіБүгін Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тоба...

Тұрғындармен ашық диалог өтті

Бүгін Мәжіліс депутатына үміткер Казпхбаев Оспан Теңге ауылындағы, Тобанияз көшесінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз еттім. Сондай-ақ, партияның саяси күш ретінде мемлекетіміздің дамуы жолында, оның ішінде әр өңірдің әлеуетін арттырудағы оң бастамаларын жеткізіп, партияның басты міндеттерінің бірі елдің, халықтың сенімін ақтау екенін айтып өтті.

![Тұрғындармен ашық диалог өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/443456/bd10f17e9f806a0295d5152c915376.jpg)

Сондай-ақ еркін форматта өткен бұл кездесуде сайлаушыларға сайлауалды бағдарламада көрсетілген негізгі 7 басымдыққа топтастырылған бағдарламаны түсіндіре отырып, екі жақты пікір алмастық. Кездесу барысында сайлаушылар өз ауылдарына қатысты көкейкесті мәселеріне қатысты тұщымды жауаптар алды.

![Тұрғындармен ашық диалог өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/443456/3846c37c1d877d4987bb02cc524017.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yndarmen-ashy-dialog-tti-890717](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yndarmen-ashy-dialog-tti-890717)