---
title: "Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді біздің порталы арқылы қарауға болады"
description: "Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй ..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T01:29:04+00:00"
modified: "2014-07-28T01:29:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-yge-kezekti-n-mirin-endi-bizdi-portaly-ar-yly-arau-a-bolady-423051"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-yge-kezekti-n-mirin-endi-bizdi-portaly-ar-yly-arau-a-bolady-423051/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді біздің порталы арқылы қарауға болады

> Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады. «Мемлекеттік тұрғын үй ...

Тұрғын үйге кезектің нөмірін енді www.egov.kz порталы арқылы қарауға болады.
«Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергілікті орган жалдаған тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау» электронды қызмет тегін және портал арқылы өтініш берген сәтте көрсетіледі.
Бүгінде осы қызмет Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен қалаларының тұрғындары үшін қолжетімді.
Тұрғын үй кезегінің нөмірін қарау үшін тұтынушыға ЭЦҚ және порталда тіркелу қажет емес. Бар керегі, кезектегі адамның ЖСН немесе тегі, аты және туған күні туралы ақпаратты электронды бетке енгізу.
Аталған қызметтің электрондық форматқа аударылуы тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орын алатын сыбайлас жемқорлықты азайтуға өз үлесін тигізері сөзсіз. Сондай-ақ, мемелекеттік қызметкерлердің жұмысын оңтайландарып, азаматтарға тұрғын үй кезегін қадағалауды  жеңілдетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-yge-kezekti-n-mirin-endi-bizdi-portaly-ar-yly-arau-a-bolady-423051](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-yge-kezekti-n-mirin-endi-bizdi-portaly-ar-yly-arau-a-bolady-423051)