---
title: "тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау"
description: "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-11-01T14:21:24+00:00"
modified: "2019-11-01T14:21:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-rylysy-zh-ne-t-r-yn-y-atynastary-salasynda-sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-tar-zhasau-843758"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-rylysy-zh-ne-t-r-yn-y-atynastary-salasynda-sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-tar-zhasau-843758/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау

> Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ...

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдау және анықтау бойынша төмендегі мекемелердің қызметтерінде 2019 жылдың 1-15 қараша аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіледі:
- БҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы;
- БҚО құрылыс басқармасы;
- Орал қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы;
- Орал қаласының құрылыс бөлімі.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй қатынастары саласын жетілдіру бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда, 2019 жылдың 10 қарашаға дейін anticorruptionzko@mail.ru электронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-rylysy-zh-ne-t-r-yn-y-atynastary-salasynda-sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-tar-zhasau-843758](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-rylysy-zh-ne-t-r-yn-y-atynastary-salasynda-sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-tar-zhasau-843758)