---
title: "Тұрғын үй мәселелері"
description: "Мемлекеттік тұрғын үй бағдарлармаларын түсіндіру бойынша диалогтық алаң арқылы павлодарлық жастар кө..."
author: "CRMI"
published: "2015-11-04T05:06:14+00:00"
modified: "2015-11-04T05:06:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-m-seleleri-634546"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-m-seleleri-634546/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұрғын үй мәселелері

> Мемлекеттік тұрғын үй бағдарлармаларын түсіндіру бойынша диалогтық алаң арқылы павлодарлық жастар кө...

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарлармаларын түсіндіру бойынша диалогтық алаң арқылы павлодарлық жастар көптеген тұғын үй мәселелері бойынша туындаған сұрақтарға жауап тапты. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің», «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының», «Қазақстан ипотекалық компаниясының» шақырылған мамандары «Жас отбасы», «29,30,35 жасқа дейінгі жалдамалы тұрғын үй», бастапқы және қайталама нарығындағы ипотекалық несиелер тақырыптарын қозғады.

![Тұрғын үй мәселелері](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/hhp699eX8ZC3I2CE6qst1AdmsqCxh0.jpg)

ЖАО кезектегілер де шараға қатысты, олардың көптеген сұрақтарына ТКШ бөлімін меңгеруші Нұржан Қабдолов нақты, әрі мазмұнды жауап берді. Қолжетімді тұрғын үй мәселесі бүгінгі күнге дейін жастар үшін негізгі мәселелердің бірі. Жағдайды ушықтыратын жайт көпшіліктің мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктермен мүлдем таныс еместігі. Бұл тұрғын үй мәселесіне қатысты кеңестерді өткізудің қажеттілігін дәлелдейді. Мұндай кеңесті Жастарға қызмет көрсету орталығының кеңестік бөлімінде алу мүмкіндігіңіз бар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-m-seleleri-634546](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-m-seleleri-634546)