---
title: "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы"
description: "«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Тұрғы..."
author: "ceka"
published: "2014-10-20T10:33:23+00:00"
modified: "2014-10-20T10:33:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-kommunaldy-sharuashyly-salasynda-y-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-standarttaryn-bekitu-t-434950"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-kommunaldy-sharuashyly-salasynda-y-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-standarttaryn-bekitu-t-434950/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

> «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Тұрғы...

# «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

### стандарты

### 1. Жалпы ережелер

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: **1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы; 2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.**

 

1) ХҚО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына [1-қосымшаға](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z43) сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады); осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына [2-қосымшаның](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z45) 1, 5, 6, 7-тармақтарында, 8-тармағының 2) тармақшасында және [10-тармағында](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z31) көрсетілген отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шот; коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шот; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын [2-қосымшаның](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z45) 2, 3, 4-тармақтарында, [8-тармағының](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z23) 1) тармақшасында және [9-тармағында](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z26) көрсетілген отбасының табысын, азаматтардың мекенжайын растайтын құжаттардың, тұрғын үйге тіркелген құқықтар туралы құжаттардың мәліметтерін ХҚО-ның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады. ХҚО-ның қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмеген жағдайда, ХҚО бір ай бойы оның сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының [3-қосымшасына](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400000185#z47) сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы дайын құжаттарды алуға ХҚО-ға бір ай өткеннен кейін өтініш берген кезде ХҚО бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге сұрау салады. Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚО-ға жібереді, одан кейін ХҚО дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға береді;

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-kommunaldy-sharuashyly-salasynda-y-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-standarttaryn-bekitu-t-434950](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-kommunaldy-sharuashyly-salasynda-y-memlekettik-k-rsetiletin-yzmetter-standarttaryn-bekitu-t-434950)