---
title: "«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты"
description: "1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетіл..."
author: "ceka"
published: "2015-01-26T22:19:45+00:00"
modified: "2015-01-26T22:19:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetiletin-yzmet-standarty-464283"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetiletin-yzmet-standarty-464283/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

> 1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетіл...

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы; 2) «электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» инспекторы Ж.Әлжанов

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetiletin-yzmet-standarty-464283](https://yvision.kz/kk/post/t-r-yn-y-k-megin-ta-ayyndau-memlekettik-k-rsetiletin-yzmet-standarty-464283)