---
title: "«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады"
description: "Кеше «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында «Rin'Go» тобы қонақта болды. «Rin'Go» тобы 10 жылды..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-11-18T00:55:51+00:00"
modified: "2015-11-18T00:55:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-studiya-habary-rin-go-tobyna-t-l-zhat-syylady-644693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-studiya-habary-rin-go-tobyna-t-l-zhat-syylady-644693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады

> Кеше «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында «Rin'Go» тобы қонақта болды. «Rin'Go» тобы 10 жылды...

Кеше «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» хабарында «Rin'Go» тобы қонақта болды.

![«Түнгі студия» хабары «Rin'Go» тобына «төлқұжат» сыйлады](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/HUiOBwJ6dcAn69s10m639GgC69mUuL.png)

[«Rin'Go» тобы](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/archive/programs/programs_social/studiya/215625) 10 жылдық мерейтойына орай концерт өткізеді. Бұл туралы жігіттер [«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев»](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/studiya/archive) хабарына берген сұхбатында айтты.

«10 жылдық мерейтойымызға орай концерттік бағдарлама дайындап жатырмыз. Жуырда әр қалада концерт өткізу жоспарда бар. Басты қалалар – Астана және Алматы», - деді топ мүшесі Данияр Өтеген.

[«Түнгі студия»](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/studiya/archive) хабарының ұжымы «Rin'Go» тобын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оларға «төлқұжат» сыйлады.

«10 жыл деген – мектеп сияқты. Сіздер үлкен сахнада мектеп бітіргендей болдыңыздар. Шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп бітірген кезде төлқұжат береді. «Түнгі студия» бағдарламасының атынан «Rin'Go» тобына сондай «төлқұжат» ұсынамыз», - деді бағдарлама жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев.

 

Бағдарламаның [толық нұсқасы](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/archive/programs/programs_social/studiya/215625)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-studiya-habary-rin-go-tobyna-t-l-zhat-syylady-644693](https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-studiya-habary-rin-go-tobyna-t-l-zhat-syylady-644693)