---
title: "«Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды"
description: "2016 жылдың қаңтар айының 16-нан 17-не қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, кримин..."
author: "dvdkzokz"
published: "2016-01-18T00:43:11+00:00"
modified: "2016-01-18T00:43:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-ala-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-barysynda-125-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-673601"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-ala-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-barysynda-125-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-673601/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Түнгі қала» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 125 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

> 2016 жылдың қаңтар айының 16-нан 17-не қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, кримин...

2016 жылдың қаңтар айының 16-нан 17-не қараған түні қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, криминогендік ахуалды сауықтыру, қоғамдық тыныштықты және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында **Жергілікті полиция қызметінің** ұйымдастыруымен **«Түнгі қала»** жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара барысында барлығы **125** әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Атап айтқанда, мүлдем түзбеушілік қағидаты бойынша барлығы **47** құқық бұзушылық тіркелсе, оның ішінде, белгіленбеген орындарда сауда жасау дерегі бойынша – **3** (204-бабы), алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу дерегі бойынша – **17** (440-бабы), тыныштықты бұзу дерегі бойынша – **2** (437-бабы), қоғамдық орында темекі шегу дерегі бойынша – **6** (441-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүру дерегі бойынша – **4** (442-бабы, 2-тармағы), ұсақ бұзақылық дерегі бойынша – **4** (434- бабы), абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі бойынша – **6** (505-бабы) құқық бұзушылықтар анықталды.

Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен жол қозғалысы қауіпсіздігін бұзудың **78** дерегі анықталды. Оның ішінде, көлік құралын құжатсыз басқарудың – **5** (612-бабы) дерегі, көлік құралының терезелерін қараңғылатудың – **1** (590-бабы, 5-тармағы), қауіпсіздік белдігін тақпай басқарудың –**23** (593-бабы, 1-тармағы), маневр жасау қағидаларын бұзудың – **4** (595-бабы, 1-тармағы), көлік құралын алкогольді ішімдік ішіп басқарудың – **13** (608-бабы), көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – **3,** тыныштықты бұзу дерегі бойынша **– 2** (437-бабы) дерегі тіркелді.

Іс-шара барысында айып алаңына барлығы **15** автокөлік жеткізілді, оның ішінде құжатсыз басқарғаны үшін – **9**, мемлекеттік белгісі жоқ көлікті басқарғаны үшін – **1,** сот қаулысымен – **5** автокөлік қойылды.

Аталған іс-шара алдағы уақытта әр аптаның сенбі күні өткізілетін болады.

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-ala-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-barysynda-125-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-673601](https://yvision.kz/kk/post/t-ngi-ala-zhedel-profilaktikaly-is-sharasy-barysynda-125-kimshilik-y-b-zushyly-any-taldy-673601)