---
title: "Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің..."
description: "Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-21T12:35:15+00:00"
modified: "2024-04-21T12:42:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-lymdy-yz-elena-shtutgartta-y-tennis-turnirini-zhe-impazy-atandy-1003778"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-lymdy-yz-elena-shtutgartta-y-tennis-turnirini-zhe-impazy-atandy-1003778/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тұлымды қыз Елена Штутгарттағы теннис турнирінің...

> Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда...

*Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Штутгарттағы (Германия) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/25a229cd9f3ed6c1e4ad5ea2c9fc2f.jpg)

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы финалда украиналық, әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші және жалпы мансап жолындағы сегізінші турнирде жеңіске жетті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – **922 573 АҚШ доллары**. Сонымен қатар жеңімпазға **Porsche** автокөлігі тарту етілді.

Біз бұрынырақ мамандардың [Рыбакина мен Костюк арасындағы ақтық сайыста қазақстандық теннисші жеңеді](https://yvision.kz/kk/post/shtutgartta-y-tennis-turnirini-finalynda-kim-zhe-etinine-bolzham-zhasaldy-1003763) деп болжап отырғанын жазғанбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-lymdy-yz-elena-shtutgartta-y-tennis-turnirini-zhe-impazy-atandy-1003778](https://yvision.kz/kk/post/t-lymdy-yz-elena-shtutgartta-y-tennis-turnirini-zhe-impazy-atandy-1003778)