---
title: "«Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді"
description: "Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-11-21T23:47:51+00:00"
modified: "2013-11-21T23:48:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-lpar-futzaldan-uefa-kubogynda-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-386133"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-lpar-futzaldan-uefa-kubogynda-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-386133/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тұлпар» футзалдан УЕФА Кубогында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

> Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының...

[!\[Қарағандылық «Тұлпар»\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131121201304-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/11/20131121201304.jpg)

Қарағандылық «Тұлпар» Боснияның «Танго» клубын тізе бүктіріп, өз тарихында футзалдан УЕФА Кубогының Элиталық кезеңіндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды [vesti.kz](http://vesti.kz/mini/182046/)

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен кездесу 8:3 есебімен аяқталды. «Тұлпар» сапында Шыңғыс Чингиз Есенаманов пен Алвес Дуглас Грасиано хет-трик авторлары атанса, Александр Довгань және Фейтоса Талес бір-бірден гол соқты, қонақтардан Семир Гушо және Огнен Эрич екі мәрте қақпадан саңылау тапты.

Бүгін осы уақытта алматылық «Қайрат» беларусьтің «ВитЭн» командасын қабылдап жатыр. Ойынның басталуы Астана уақытымен 20:30-да. Кездесуді «Ел Арна» тікелей эфирден көрсетеді.

Өздерінің келесі матчын қарағандылықтар 22 қараша күні «ВитЭнмен» өткізеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-lpar-futzaldan-uefa-kubogynda-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-386133](https://yvision.kz/kk/post/t-lpar-futzaldan-uefa-kubogynda-al-ash-y-zhe-isine-ol-zhetkizdi-386133)