---
title: "ТҚҚК-де Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналымының проблемалық мәселелерін талқылады"
description: "2016 жылғы 28 қазанда Комитет алаңында «Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналым..."
author: "KZPP"
published: "2016-11-01T06:07:50+00:00"
modified: "2016-11-01T06:07:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-k-de-aza-stan-respublikasyny-sauda-zhelisindegi-nimder-aynalymyny-problemaly-m-selelerin-tal-ylady-721514"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-k-de-aza-stan-respublikasyny-sauda-zhelisindegi-nimder-aynalymyny-problemaly-m-selelerin-tal-ylady-721514/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТҚҚК-де Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналымының проблемалық мәселелерін талқылады

> 2016 жылғы 28 қазанда Комитет алаңында «Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналым...

2016 жылғы 28 қазанда Комитет алаңында **«**Қазақстан Республикасының сауда желісіндегі өнімдер айналымының проблемалық мәселелері» тақырыбына бейне-конференц байланыс режимінде дөңгелек үстел отырысы өткізілді, оған ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қазақстандық қорының, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамның және сауда кәсіпорындарының («Метро Кэш энд Кэрри», «Рамстор Қазақстан», «Magnum» гипермаркеттер»; «Анвар», «Small» супермаркеттері және басқалары) өкілдері қатысты.

2016 жылы 9 айда өнімдердің қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде республика бойынша өнімдердің **31507** сынамасы зерттелді, оның ішінде **4436** (14 %) сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің жалпы саны ішінде:
- 19%-ында қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша (микробиологиялық көрсеткіштер мен нитраттар) сәйкессіздік анықталды;
- 13%-ында тұтынушыны алдау фактілері анықталды (мәлімделген қасиеттеріне сәйкес келмеу);
- 68%-ында таңбалау бұзылған (сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі туралы, мемлекеттік тілдегі ақпараттың және КО мүше мемлекеттері нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісінің болмауы).

Сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 20 тоннасы өткізілуден алынды.

Отырысқа қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады және сауда желісінде өнімдерді өткізудің проблемалары бойынша пікір алмасты.

Осыған байланысты, сәйкес келмейтін өнімдерді айналымға жібермеуге және сауда желілерінде өнімдердің айналымын бақылауды күшейтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар айқындалды.

http://kzpp.gov.kz/kaz/presscentr/news/?cid=0&rid=5877

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-k-de-aza-stan-respublikasyny-sauda-zhelisindegi-nimder-aynalymyny-problemaly-m-selelerin-tal-ylady-721514](https://yvision.kz/kk/post/t-k-de-aza-stan-respublikasyny-sauda-zhelisindegi-nimder-aynalymyny-problemaly-m-selelerin-tal-ylady-721514)