---
title: "Тәңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты – Келімбетов"
description: "Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қат..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-10-28T05:14:00+00:00"
modified: "2015-10-30T05:14:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-erte-gi-sessiyada-y-sauda-n-tizhesi-boyynsha-1-dollar-a-ba-a-255-23-te-ge-bolyp-orny-ty-kelimbetov-531551"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-erte-gi-sessiyada-y-sauda-n-tizhesi-boyynsha-1-dollar-a-ba-a-255-23-te-ge-bolyp-orny-ty-kelimbetov-531551/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тәңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты – Келімбетов

> Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қат...

Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Теңертеңгі сессиядағы сауда нәтижесі бойынша 1 долларға баға 255,23 теңге болып орнықты, сонымен қатар 115 млн доллар сатылды. Бұл еркін айналымға көшкеннен кейінгі алғашқы нәтиже», – деді ол.

Оның айтуынша, ол бекітілген бағам емес.

«Бұрын бізде бекітілген бағам тәжірибесі қолданылатын, бүгінде біз еркін айналымға көштік. Яғни теңгенің бүгінгі құнын сұранысқа байланысты нарық өзі белгілейді», – деді Қ. Келімбетов.

«Бағамның өзгеруі бағамның әлсіреуіне және нығаюына қарай құбылып тұрады. Біз нарықтың дейгейдің қалыптасуыны араласпаймыз. Алайда өзімізге еліміздің қаржы жүйесіне тұрақсыздану қаупі төнген тұста валюталық интервенцияны жүргізу арқылы ішкі валюталық нарыққа қатысу құқығын қалдырамыз», - деп мәлімдеді Келімбетов.

Сонымен, Ұлттық банк басшысының айтуынша, жаңа қаржы саясатын жүзеге асыру ҚР Үкіметі жасақтаған стратегиялық экономикалық міндеттерді жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«Жаңа экономикалық саясат бүгінгі әлемдік экономикадағы жағымсыз жағдайларға жауап болып табылады», - деп түйді Қ. Келімбетов.

ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға, дамытуға, сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуы мүмкіндік береді, деп ағынан жарылды Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов.

«Бүгінде біз жаһандық экономикалық шынайылықты байқап отырмыз, оның ішінде мұнай бағасының диапазоны да бар. Жалпы шикізатқа бейімделген мемлекетер үшін, оның ішінде бізге Қазақстанға да ол өте маңызды. Біз Ресей мен Қытай нарығындағы белгілі бір қиындықтарды да көріп отырмыз», – деді Қ. Келімбетов.

Ұлттық банк басшысы атап өткендей, бүгінде әлемдік валюта секторына қарсы АҚШ доллар бағамының нығайғанын күтіп отыр.

«Еуро соңғы уақыттары 20%-ға әлсіреді. 5–10 жыл ішінде жағдай мүлдем басқа болады, әр мемлекет өз жауабын дайындауда – мемлекеттің экономикалық саясаты. ҚР Үкіметі 5 институционалды реформаның құрамына кіретін мықты шаралар жиынтығын жасақтады, олар экономиканы әртараптандыруға, дамытуға, сыртқы тұрақсыздықтарға дайын болуға мүмкіндік береді», – деді Қ. Келімбетов.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/25024/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-erte-gi-sessiyada-y-sauda-n-tizhesi-boyynsha-1-dollar-a-ba-a-255-23-te-ge-bolyp-orny-ty-kelimbetov-531551](https://yvision.kz/kk/post/t-erte-gi-sessiyada-y-sauda-n-tizhesi-boyynsha-1-dollar-a-ba-a-255-23-te-ge-bolyp-orny-ty-kelimbetov-531551)