---
title: "Т. Дүйсенова Е. Алибековтың анасымен оны әрі қарай емдеу тактикасын талқылады"
description: "ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова төрт жасар баласы (Ернар Әлібе..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2017-01-25T07:07:29+00:00"
modified: "2017-01-25T07:07:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-d-ysenova-e-alibekovty-anasymen-ony-ri-aray-emdeu-taktikasyn-tal-ylady-751889"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-d-ysenova-e-alibekovty-anasymen-ony-ri-aray-emdeu-taktikasyn-tal-ylady-751889/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Т. Дүйсенова Е. Алибековтың анасымен оны әрі қарай емдеу тактикасын талқылады

> ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова төрт жасар баласы (Ернар Әлібе...

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрі Тамара Дүйсенова төрт жасар баласы (Ернар Әлібеков) терінің тез қартаюы аруруына шалдыққан Зибенса Төлепбергеновамен кездесті. Бала туғаннан бері Астана қаласының №3 емханасында диспансерлік есепте тұрады. Әңгіме барысында олар баланың сырқат ерекшеліктерін, диагностикалық тексеру нәтижелерін, сонымен қатар, оны әрі қарай емдеу тактикасын талқылады. Тамара Дүйсенова Зибенса Төлепбергеноваға Ұлттық балаларды оңалту орталығында (әрі қарай - ҰБОО) оңалту шараларын қабылдауды ұсынды. «Сіздің ұлыңыздың денсаулығы министрліктің үнемі бақылауына алынды. Мемлекет халықтың денсаулығына басымдық бере отырып, ең алдымен, балалардың денсаулығына зор көңіл бөледі. Біз барлық медициналық көмекті көрсетеміз», - деді ДСӘДМ басшысы. Зибенса Төлепбергеноваға жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Сонымен бірге, ҚР ДСӘДМ Астана қаласының әкіміне Төлепбергеновтер отбасына тұрғын үй беру туралы өтініш хатын жолдады. Баланың аллергиялық статуысына байланысты Зибенса Төлепбергенова ұлын госпитализациялаудан бас тартты. 23 қаңтардан бастап Ернар Әлібековке ҰБОО-да амбулаторлық емдеу шаралары ұйымдастырылып, үнемі динамикалық бақылауға алынатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-d-ysenova-e-alibekovty-anasymen-ony-ri-aray-emdeu-taktikasyn-tal-ylady-751889](https://yvision.kz/kk/post/t-d-ysenova-e-alibekovty-anasymen-ony-ri-aray-emdeu-taktikasyn-tal-ylady-751889)