---
title: "Төбелес"
description: "Жігіт түнде Бара жатыр үйіне. Кафеден келатыр, Қарны сыраға толып жатыр. Көңілі жоғарыда, Плеері бар..."
author: "BakeD"
published: "2011-01-05T11:38:38+00:00"
modified: "2011-01-05T11:38:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-beles-104364"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-beles-104364/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Төбелес

> Жігіт түнде Бара жатыр үйіне. Кафеден келатыр, Қарны сыраға толып жатыр. Көңілі жоғарыда, Плеері бар...

Жігіт түнде Бара жатыр үйіне. Кафеден келатыр, Қарны сыраға толып жатыр. Көңілі жоғарыда, Плеері бар құлағында. Бірге болған қыздар Ойнап жатыр ойында.

Алдынан екі жігіт

Қарсы алды сөздермен:

"Бауырым, темекі берші."

"Темекі тартпаймын мен."

"Онда бізге ақша берсең, Сау боласың бауырым." "Бұл сөзіңді бекер айттың - Жарылады бауырың."

Екі төбеттің біреуі Беттен ұрам деп еді, Қолы тасқа тигендей, Қайтты артқа өлімсірей.

Жігіт босқа тұрмады, Екіншіге самғады. Бас пен бас қағылысып, Жаудың мұрны жарылды.

Ұрды, соқты, сындырды. Жықты, тепті, қан ақты. Жатыр екі бишара, Үсті-басы қан қара.

Жігіт түнде Беттеді ары үйіне. Аналарға сөз айтпай, Жүре берді күйіне: "Қайтем оларға тіл қатып, Голливудтағы кинодай. Суперменмін деп мақтанып, Біраз ұқты олар бұдан былай..."

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-beles-104364](https://yvision.kz/kk/post/t-beles-104364)