---
title: "Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды"
description: "От Астанадағы \"Будапешт\" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-09T10:17:58+00:00"
modified: "2024-01-09T10:17:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-arushylar-t-ra-a-bey-bereket-oyyl-an-k-likterdi-kesirinen-rt-bol-an-yge-zhete-almay-inaldy-999701"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/t-arushylar-t-ra-a-bey-bereket-oyyl-an-k-likterdi-kesirinen-rt-bol-an-yge-zhete-almay-inaldy-999701/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды

> От Астанадағы "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез...

От Астанадағы "Будапешт" көпқабатты тұрғын үй кешенінде төтанған. Ал оған төтеншеліктердің тез өтуіне тұрақтағы көліктер кедергі келтіріпті.

![Құтқарушылар тұраққа бей-берекет қойылған көліктердің кесірінен өрт болған үйге жете алмай қиналды](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/53e5196c7ad68f001ab560dca118d3.jpg)

Бұл жағдайды тұрғындар видеоға түсіріп алған. Онда видео авторы кадр сыртында «Көліктеріңді алсаңдаршы. Терезеден көрмей тұрсыңдар ма?» деп шыр-пыр болады.

Ал Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 9 қаңтарда сағат 09:58-де астаналық құтқарушылардың Қабанбай батыр даңғылы, 59-үй пәтеріндегі өртті сөндіре бастағанын жеткізді.

"Өрт сөндірушілер келген кезде "Будапешт" тұрғын үй кешенінің 10-қабатындағы пәтерде ас үйде жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанып жатқаны анықталды. Өртті сөндіру кезінде астаналық өрт сөндірушілер көрші пәтерден 7 адамды құтқарды. Оның үшеуі – балалар. Өрт 10:32-де оқшауланып, 10:35-те жойылды", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Төтеншеліктер тұрғындарға көліктерін аулаға қойғанда арнайы техника өтетіндей бос орын қалдыруы керектігін ескертіп отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/t-arushylar-t-ra-a-bey-bereket-oyyl-an-k-likterdi-kesirinen-rt-bol-an-yge-zhete-almay-inaldy-999701](https://yvision.kz/kk/post/t-arushylar-t-ra-a-bey-bereket-oyyl-an-k-likterdi-kesirinen-rt-bol-an-yge-zhete-almay-inaldy-999701)