---
title: "Сыйлайықшы, кәрілікті басынан"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – А. Носонов «Мелодия души» Фотоматериал авторлары – Тү..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-04-09T10:57:18+00:00"
modified: "2016-04-12T11:40:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/syylayy-shy-k-rilikti-basynan-688318"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/syylayy-shy-k-rilikti-basynan-688318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыйлайықшы, кәрілікті басынан

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – А. Носонов «Мелодия души» Фотоматериал авторлары – Тү...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – А. Носонов «Мелодия души»**

**Фотоматериал авторлары – Түрлі жүйелерден алынған «Белгісіз»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте парақшасы – http://vk.com/public56982889**

Кім білген, кәрілік пе күрсінген?

Сары – қызыл, жапырағымен төгілген.

Бұл қызыққа, жеткен де бар, жетпеген,

Кетер жастық, мың іздеуде өткізген.

Сұлу болса кәрілік, кұзге оралған,

Әрбір сөзден, терең ойлар табылған.

Тамсандырған тағдыр-ай, тамсандырған,

Құпиясымен, талайларды ойландырған.

Біреулерге, келесің-ау қуантып,

Терең тамыр, жапырағымен жайнатып.

Біреулерге, келесің-ау жылатып,

Бос ағаштай, тамырынан қуратып.

Қалсадағы ендігі, құр сүлдері,

Кәртаймайды-ау қайран көңіл толқытып.

Мазалайды, артта қалған күндері,

Өткен өмір, сын таразға, салынып.

Сыйлайықшы, кәрілікті басынан,

Қайран өмір, зырылдап ақ өтеді.

Шыр көбелек, айналдырған бұл жалған,

Бірақ күнде, өкініште өшеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/syylayy-shy-k-rilikti-basynan-688318](https://yvision.kz/kk/post/syylayy-shy-k-rilikti-basynan-688318)