---
title: "Сырбойылық таэквондошылар Бакуде өтетін әлемдік додаға жолдама алды"
description: "Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан өткен ҚР чемпионатынан сырбойылықтар 9 жү..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-05T22:36:41+00:00"
modified: "2014-05-05T22:36:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/syrboyyly-taekvondoshylar-bakude-tetin-lemdik-doda-a-zholdama-aldy-412363"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/syrboyyly-taekvondoshylar-bakude-tetin-lemdik-doda-a-zholdama-aldy-412363/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сырбойылық таэквондошылар Бакуде өтетін әлемдік додаға жолдама алды

> Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан өткен ҚР чемпионатынан сырбойылықтар 9 жү...

[!\[Сырбойылық таэквондошылар Бакуде өтетін әлемдік додаға жолдама алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140122163445-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140122163445.jpg)

Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан өткен ҚР чемпионатынан сырбойылықтар 9 жүлдемен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 300-дей спортшы қатысты. Ел біріншілігінен сырбойылықтар 9 жүлде иеленіп, олжалы оралды. 37 келіде Ботагөз Қапанова (№10 Шиелі БЖСМ), 44 келіде Ақниет Жұмағазы (спорт-интернат), 55 келіде Жібек Көпен (№2 ОМБЖОРМ) чемпион атанып, маусым айында Әзірбайжанның Баку қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды. 37 келіде Нұрай Мұратқызы (№12 Сырдария БЖСМ) және 53 келіде Владислав Ли (№1ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленсе, 33 келіде Ержан Жолдасбек (№1ОМБЖОРМ), 41 келіде Гүлбала Абызбаева (№10 Шиелі БЖСМ), 59 келіде Әлия Мударисова (№19 Арал БЖСМ), 61 келіде Жолдас Орынбек (№2ОМБЖОРМ) қола жүлдені еншіледі. Спортшылардың жеңіске жетулеріне үлес қосқан бапкерлері Нұрлыбек Сухан, Сламбек Мұсатаев, Руслан Тілеулиев, Азамат Аралбаев, Мәди Исмайлов, Вячеслав Ким, Әлішер Моминовтар.

Автор: [Елубай Әуезов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/929)

Басты сөздер: [Қызылорда облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/262) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/syrboyyly-taekvondoshylar-bakude-tetin-lemdik-doda-a-zholdama-aldy-412363](https://yvision.kz/kk/post/syrboyyly-taekvondoshylar-bakude-tetin-lemdik-doda-a-zholdama-aldy-412363)