---
title: "Сырғалым, Айман, Шолпан есімдері қандай тамаша."
description: "Адамның есіміне мінез-құлқы, психологиясы тіпті бүтін тағдыры байланысты болады деген марқұм әкемнің..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-18T05:31:10+00:00"
modified: "2016-08-18T05:31:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/syr-alym-ayman-sholpan-esimderi-anday-tamasha-707648"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/syr-alym-ayman-sholpan-esimderi-anday-tamasha-707648/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сырғалым, Айман, Шолпан есімдері қандай тамаша.

> Адамның есіміне мінез-құлқы, психологиясы тіпті бүтін тағдыры байланысты болады деген марқұм әкемнің...

Адамның есіміне мінез-құлқы, психологиясы тіпті бүтін тағдыры байланысты болады деген марқұм әкемнің сөзі санамда сақталып қалыпты.Қазір ағайындардың бірлі-екілі балаларының есімдеріне қарап отырсам, көбісі «модный» есімдер екен. Айлин, Милана, Сайора т.с.с. кете береді. Бұл соңғы бес жыл ішіндегі қазақстандық арналардан көп көрсетіле бастаған түрік сериалдарының қазақ отбасыларына тигізген ықпалы шығар. Әр ұлттың өзінің болмысы, менталитеті болатынын ескерсек, Түрік қыздарының есімі қазақ қызына не береді деген ойға қаласың. Рас қой, ертең олардың өздері балаларының атын әдемі қазақ аттармен қоятынына күмәнім бар. Соңғы кездері Қазақстан арнасынан Түрік сериалдары алынып тасталып, орнын отандық өнімдер көптеп басуда. Көркем сериалдардағы қазақ бойжеткендері мен бозбалаларының есімдері сондай тамаша. Сырғалым, Айман, Шолпан есімдері қандай тамаша. Ата-аналар балаларына осындай айдар тағып, қаракөздерімізге қазақы ат таңдаса игі емес пе? Артыңыздан Айкөркем, Айсұлу секілді қарындастарымыз ергені жақсы емес пе?! Түріктердің атын теріп, олардың қай қасиетін алуға талпынуымыз керек?!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/syr-alym-ayman-sholpan-esimderi-anday-tamasha-707648](https://yvision.kz/kk/post/syr-alym-ayman-sholpan-esimderi-anday-tamasha-707648)