---
title: "Сыбайлас жемқорлық жастардың көзімен"
description: "А.ж. 19-21 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-07-25T02:54:00+00:00"
modified: "2016-07-25T02:54:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-zhastardy-k-zimen-703845"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-zhastardy-k-zimen-703845/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлық жастардың көзімен

> А.ж. 19-21 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының...

# А.ж. 19-21 шілдесі күндері «Жас Отан» жастар қанаты мен Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған «Ақмола жастары - Тәуелсіздік толқынында!» жастар ақпараттық- насихаттық тобы (бұдан әрі - ЖАНТ) облысымыздың Степногорск қаласына, Шортанды және Ақкөл аудандарына барды.

# Үш күн ішінде облыстың ішкі саясат және жастар саясаты мәселелері басқармаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызметістері министрлігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілімен; Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ақпараттық-талдамалық бөлімінің басшысымен; «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасарымен аудандардың жастарының кездесулері өтті.

# Іс-шараларға ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар қатысты.

# Сонымен қатар, аудан басшылығының, ЖАНТ қатысушыларының, жастар активінің қатысуымен пленарлық отырыстар өтті. Аталған отырыстарда кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалған мақсаттары мен міндеттері жөнінде және облыс аумағында жүргізіліп отырған халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыс туралы толық мәлімет алды.

![Сыбайлас жемқорлық жастардың көзімен](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/P5OiR7lC48EFv6A27cwpPO3lR13pZB.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-zhastardy-k-zimen-703845](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-zhastardy-k-zimen-703845)