---
title: "«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы»"
description: "2015 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ең..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-10-14T04:11:12+00:00"
modified: "2015-10-14T04:11:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-y-zh-ne-ol-shin-za-men-belgilengen-t-rtiptik-kimshilik-ylmysty-zhauap-578473"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-y-zh-ne-ol-shin-za-men-belgilengen-t-rtiptik-kimshilik-ylmysty-zhauap-578473/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы»

> 2015 жылдың 13 қазанында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ең...

**2015 жылдың 13 қазанында** Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы» тақырыбындадөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Төлегенов мекемедегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде консультанты Б.Хайруллин дөңгелек үстелге қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізігі бағыттары мен оны жүзеге асырылуы туралы таныстырып, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға әр адамның үлес қосуы маңызды екендігін атап өтті.

Пікір-алмасу барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің мамандары тақырыпқа сәйкес өз ойларымен бөлісті. Атап айтсақ, өзіңе жүктелген қызметтік міндеттерді орындаудағы кездесетін мүдделер қақтығысы туралы мекеме басшысы әңгімеледі. Мысалы, тексеру немесе қызмет барысында мүделер қақтығысын болдырмау мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидалары жөнінде пікір алмасты.

Іс-шара барысында жаднамалар таратылып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді және сауалнама толтырылды.

 

**

![«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы және ол үшін заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік туралы»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/843M09toZosgFLXeoLYi63zt0akiNG.jpg)

**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-y-zh-ne-ol-shin-za-men-belgilengen-t-rtiptik-kimshilik-ylmysty-zhauap-578473](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-y-b-zushyly-y-zh-ne-ol-shin-za-men-belgilengen-t-rtiptik-kimshilik-ylmysty-zhauap-578473)