---
title: "Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында"
description: "Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы..."
author: "finpol"
published: "2014-07-17T04:47:04+00:00"
modified: "2014-07-17T04:47:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-boldyrmau-ma-satynda-421679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-boldyrmau-ma-satynda-421679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында

> Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы...

Қызылорда облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен «Әр ісіңе адал бол: сыбайлас жемқорлықпен күресейік!» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті ақпараттық талдау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы Б.Жамантаев «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың салдары және оның алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Өз баяндамасында қаржы полициясы қызметкері сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі және кешенді сипат алғандығын атап өтіп, Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен қозғалған қылмыстық істер бойынша мысалдар келтірді. Сонымен қатар, семинарды өткізу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөнінде хабар берген тұлғаларды көтермелеу жөнінде түсіндірмелер беріліп, сот үкімі күшіне енген сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстық істер бойынша бейнероликтер көрсетілді. Баяндамалар қызығушылықпен тыңдалып, қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-boldyrmau-ma-satynda-421679](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-boldyrmau-ma-satynda-421679)