---
title: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы"
description: "А.ж. 15 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақты..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-09-20T03:38:07+00:00"
modified: "2017-09-20T03:38:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-memlekettik-sayasatty-negizgi-basymdy-y-779299"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-memlekettik-sayasatty-negizgi-basymdy-y-779299/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

> А.ж. 15 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақты...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/08myHqddJeAJEHqD69l3Ki9yWjhD7n.jpg) А.ж. 15 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті мен аумақтық басқармалардың ұжымымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары, әдістері және шаралары» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты.

Семинар барысында Департаменттің өкілі мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы, оның басымды бағыттары мен негізгі тәсілдері жөнінде баяндады, сонымен қатар, ол қатысушыларды Департаменттің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарып отырған жұмысымен таныстырды.

Кездесу соңында С. Беккажанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңды қолдануға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді.

Іс шараға 30 шақты адам қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-memlekettik-sayasatty-negizgi-basymdy-y-779299](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-memlekettik-sayasatty-negizgi-basymdy-y-779299)