---
title: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді"
description: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітіл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-18T08:26:53+00:00"
modified: "2016-05-18T08:26:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-ke-es-tkizildi-693799"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-ke-es-tkizildi-693799/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді

> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітіл...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы «22» сәуірдегі №227 бұйрықпен бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің аясында, Департаментпен **2016 жылдың 17-18 мамыр күндері** Орал қалалық сервис және жаңа технологиялар колледжі мен А.Иманов атындағы жол-көлік коледжінің оқытушылар құрамына жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған семинар**-**кеңестер өткізілді.

Семинарларда департаменттің жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдерімен жалпы білім саласында орын алған сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарына тоқталып, бала тұлғасын қалыптастыруда оқытушылардың ағарту жұмысын, психологиялық**-**педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуге, және баланың тәрбиесі үшін ата**-**аналардың жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша баяндамалар жасады.

Сонымен қатар, шара соңында қатысушыларға тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

![Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша семинар-кеңес өткізілді](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/NS81OM88fh3asybWvky84K8Z3rSBVK.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-ke-es-tkizildi-693799](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-boyynsha-seminar-ke-es-tkizildi-693799)