---
title: "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу"
description: "Экономикалық қылмыстардың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды нығайту мақсатынд..."
author: "finpol"
published: "2014-07-23T06:34:42+00:00"
modified: "2014-07-23T06:34:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-422479"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-422479/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

> Экономикалық қылмыстардың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды нығайту мақсатынд...

Экономикалық қылмыстардың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстарды нығайту мақсатында Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментімен конкурстар, ауқымды акциялар мен семинар-дәрістер өткізіледі.

Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдарына жоспарланған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде идеялар мен жобалар конкурстары өткізілуде. 2014 жылғы ағымдағы кезеңде жемқорлыққа қарсы 187 шара өткізілді (семинар-кеңестер -123, кездесулер – 54, қоғамдық тыңдаулар – 4, акциялар, «дөңгелек үстелдер», отырыстар - 2). 2014 жылғы 18 шілдеден қазіргі кезге дейін Талдықорған қаласының 6 маршруты бойынша 45 автобустарында жалған ақшаға қарсы бейнероликтер көрсетілуде. Өткізілетін шаралардың басты мақсаты жасөспірімдердің құқықтық санасын көтеру, патриоттық сезімді насихаттау, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлықпен және басқа құқық бұзушылықпен күресуді насихатауға үгіттеу болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-422479](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-alu-422479)