---
title: "Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясатты студенттер қолдайды"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-11T02:49:11+00:00"
modified: "2015-12-11T02:49:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-resu-ayasynda-y-memlekettik-sayasatty-studentter-oldaydy-667300"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-resu-ayasynda-y-memlekettik-sayasatty-studentter-oldaydy-667300/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясатты студенттер қолдайды

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және *сыбайлас* жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастыруымен «Қазіргі таңдағы жемқорлықтың негіздері: үдерістері мен өзекті мәселелері» атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен ҚазҰАУ-дың оқытушы-профессорлар құрамы мен студент жастары қатысты.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің бірінші проректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қанат Тіреуов Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және *сыбайлас* жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып, жоғары оқу орнында жемқорлық көріністерін болдырмау жөнінде іс-шаралар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес төрағасы Б. Камалов Елбасы Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының бес институционалды реформасын және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы тетіктерінің жүзеге асырылуына өз пікірін білдірді. Сондай-ақ, университеттермен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлесе жұмыстар жүргізу мен ғалымдардың дайындаған білім жүйесіндегі өзекті ұсыныстарының маңыздылығына тоқталды.

Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғани Майлыбаев «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы», О.Сүлейменов атындағы әлеуметтік-гуманитарлық білім және тәрбие беру институтының директоры, профессор Сайын Борбасов «Жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде: мәні мен мағынасы», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінің 4 курс студенті Ақдидар Кенжалиева «Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясаттың ЖОО-ы студенттеріне тигізетін әсері», заң ғылымдарының кандидаты Айжан Сәтбаева «Білім саласындағы жемқорлықпен күрес: оған қарсы тұру және халықаралық тәжірибе» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Конференция барысында барлық қатысушылар көкейтесті тақырыптарды талқылауға белсенді араласып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерге байланысты түрлі пікірлер білдірді. Сондай-ақ, қатысушылар ашық түрде сұрақ-жауап түрінде пікір алмасып, қойылған сұрақтарына толыққанды жауап алды.

![Сыбайлас жемқорлықпен күресу аясындағы мемлекеттік саясатты студенттер қолдайды](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/9Q1yDCNp6KYONQ4pOnveL11vPAs91m.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-resu-ayasynda-y-memlekettik-sayasatty-studentter-oldaydy-667300](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-resu-ayasynda-y-memlekettik-sayasatty-studentter-oldaydy-667300)