---
title: "«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»"
description: "2015 жылдың 4 қыркүйек күні Департамент қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құра..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-04T05:29:23+00:00"
modified: "2015-09-04T05:29:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-orta-paryzymyz-536253"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-orta-paryzymyz-536253/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»

> 2015 жылдың 4 қыркүйек күні Департамент қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құра...

![«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/R3Wy7jhpY34UwJ6Jtu10z6KlcLxtCe.jpg)

2015 жылдың 4 қыркүйек күні Департамент қызметкерлері Орал қалалық ішкі істер басқармасы жеке құрамында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз» атты семинар**-**кеңес өткізді. Семинар кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО Департаментінің басқарма басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев, Орал қалалық ІІБ бастығы М.Габдуллин қатысты. Шара өту кезінде Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына қатысты ҚР қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің новеллаларын түсіндірсе, Е.Төлепкалиев департаментпен 8 айдың ішінде атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Семинар-кеңесте қатысушыларға арнайы жасалған жаднамалар, 1494 call-center номерлері бар визиткалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылып, тақырыптық видеороликтер көрсетілді. Сонымен қатар, Агенттік дайындаған арнайы сауалнама толтырылды.

![«Сыбайлас жемқорлықпен күрес ортақ парызымыз»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/snxWbh9AExzEVl1D7Hd0lj3WYk8du3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-orta-paryzymyz-536253](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-orta-paryzymyz-536253)