---
title: "Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!"
description: "2015 жылдың 1-4 қыркүйек аралығында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-03T04:06:26+00:00"
modified: "2015-09-03T04:06:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-barshany-isi-535954"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-barshany-isi-535954/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!

> 2015 жылдың 1-4 қыркүйек аралығында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және...

![Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/KMlKaILi0WxQ6SYAlwFovxanosdPAh.jpg)

**2015 жылдың 1-4 қыркүйек** аралығында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен БҚО-дағы жолаушылар тасымалдаушылармен бірлесіп **«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!»** акциясын өткізуде.

Департамент қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалының белсенділерімен бірге сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда және мемлекеттік қызметшілердің этиканы бұзу бойынша қайда өтініш жасауға немесе қайда хабарлама жіберуге болатындығы көрсетілген жаднамаларды автобустарға жапсырды.

![Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/h4y4V26vE5K8f2963O7DOgrfLPh730.jpg)

![Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/reS3Kalr82N7Dze4pGFBw74otn334a.jpg)

![Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршаның ісі!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/JZXairrDjfcw0yb1f0Y4qq0shF7FEe.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-barshany-isi-535954](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-pen-k-res-barshany-isi-535954)