---
title: "«Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші»"
description: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-06-22T00:42:39+00:00"
modified: "2015-06-22T00:42:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-memleket-damuyny-negizgi-tezhegishi-515278"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-memleket-damuyny-negizgi-tezhegishi-515278/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші»

> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті...

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы бірлесіп Жамбыл ауданында «Сыбайлас жемқорлық – мемлекет дамуының негізгі тежегіші» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.Конференцияға ауданның барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ХҚКО, ҮЕҰ, мектеп директорлары, денсаулық сақтау, мәдениет саласының басшылары, ауыл әкімдері, жастар және т.б.) қатысты.Сондай-ақ, конференция соңынан секциялық семинар ұйымдастырылып, персоналды басқару, мемлекеттік қызмет көрсету, тәртіптік кеңес жұмыстары бойынша тиісті мамандарға түсіндірілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-memleket-damuyny-negizgi-tezhegishi-515278](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-memleket-damuyny-negizgi-tezhegishi-515278)