---
title: "Сыбайлас жемқорлық деген не?"
description: "Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-06-13T22:27:50+00:00"
modified: "2016-06-13T22:27:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-degen-ne-697497"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-degen-ne-697497/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлық деген не?

> Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында ...

![Сыбайлас жемқорлық деген не?](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/GBae9iLSKcFxkm8sqR4F15A8ikzHv2.jpg)

Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Адал жол - Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Шортанды ауданының №5 Бозайғыр агротехникалық колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық саптүзеу өткізілді.

Колледж студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жастардың көзқарасы» тақырыбындағы плакаттар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – студенттердің әділдік, адалдық, парасаттылық идеалдарына және кез келген құқыққа қайшы, адамгершілікке жатпайтын іс-қимылға бағдарлау.

Оқушыларды сыбайлас жемқорлық көріністерімен: мәнімен, себептерімен, салдарымен таныстыру мақсатында колледжде «Бір адамға арналған ізгілік, ал басқалары ше?», «Әділдік деген не?», «Заң және оны сақтаудың қажеттілігі», «Теңқұқықтық деген не?», «Менің сыбайлас жемқорлыққа көзқарасым», «Мен және менің құқықтарым» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шаралар слайдтар мен «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбындағы әлеуметтік бейнероликтердің көрсетілімімен сүйемелденді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-degen-ne-697497](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-degen-ne-697497)