---
title: "Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті!"
description: "А.ж. 2 тамызда Орталық аудандық кітапханада «Адал жол-Честный путь» аудандық сыбайлас жемқорлыққа қа..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T06:26:51+00:00"
modified: "2017-08-16T06:26:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-asyr-derti-775824"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-asyr-derti-775824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті!

> А.ж. 2 тамызда Орталық аудандық кітапханада «Адал жол-Честный путь» аудандық сыбайлас жемқорлыққа қа...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/51362hZORW0NZU019Ilv0r37u0Pr9A.jpg) А.ж. 2 тамызда Орталық аудандық кітапханада «Адал жол-Честный путь» аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонын іске асыру бойынша жоспар шаралары шеңберінде «Сыбайлас-жемқорлық-ғасыр дерті» дөңгелек үстелі болып өтті. Дөңгелек үстелде кітапхана жұмысшылар, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер, білім саласы қызметкерлері, қоғам мен бизнес өкілдері қатысты.

Шара қатысушылары сыбайлас жемқорлық туралы жағдайларды қарастырды, дөңгелек үстел сұрақ-жауап тәртібінде өтті, себептер мен зардаптарды қарастырып, сыбайлас жемқорлықпен күрес жолдары туралы пікірлерін білдірді. Қатысушылар жемқорлардың азаюы үшін, алдын ала қам жасау үшін не қажет екендігін және сыбайлас жемқорлықтың себептерін атап берді.

Қатынасушылар шара аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес кезінде ең алдымен өзімізден бастап, сондай-ақ, айналадағылардан сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытуды талап ету қажеттігіне тоқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-asyr-derti-775824](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-asyr-derti-775824)