---
title: "«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» – жастар көзқарасы"
description: "А.ж. 10 қазанда оқу-өңдірістік комбинатында аудан әкімінің орынбасары О.Ахметованың қатысуымен аудан..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-17T04:15:07+00:00"
modified: "2017-10-17T04:15:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-zhastar-k-z-arasy-781969"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-zhastar-k-z-arasy-781969/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» – жастар көзқарасы

> А.ж. 10 қазанда оқу-өңдірістік комбинатында аудан әкімінің орынбасары О.Ахметованың қатысуымен аудан...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/Rn4OgfF0Uu4ZKRQSeYH4jOUnbLU1mN.png) А.ж. 10 қазанда оқу-өңдірістік комбинатында аудан әкімінің орынбасары О.Ахметованың қатысуымен аудан мектептерінің жоғарғы және орта сыныптар оқушылары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты байқауы болып өтті. Байқауда жемқорлықпен күрес өзекті тақырыбына деген авторлық көзқарасты ашып көрсететін суреттер мен коллаждар қатысты.

Қатысушыларға айтылған алғысөзінде О.Ахметова жастардың жемқорлықпен күрес ісіндегі рөлін, сондай-ақ, өскелең ұрпақ арасында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыс жүргізудің маңызын атап көрсетті.

Байқау аяқталғаннан соң қатысушылар өз суреттері арқылы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты стенд құрастырды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-zhastar-k-z-arasy-781969](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-zhol-zho-zhastar-k-z-arasy-781969)