---
title: "«Сыбайлас жемқорлыққа нақты Жоқ дейміз» тақырыбындағы отырыс"
description: "Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-ш..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-16T06:48:52+00:00"
modified: "2017-08-16T06:48:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-na-ty-zho-deymiz-ta-yrybynda-y-otyrys-775831"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-na-ty-zho-deymiz-ta-yrybynda-y-otyrys-775831/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Сыбайлас жемқорлыққа нақты Жоқ дейміз» тақырыбындағы отырыс

> Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-ш...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/4q82Q80z475m0P5zCdwXp5lKtr3pS4.jpg) Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Бұлақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты Жоқ дейміз!» тақырыбында жиылыс өтті.

Бұлақсай ауылдық округінің әкімі Ж.Д.Дюсембеков жиналғандарға алғысөзінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының кейбір ерекшеліктерін атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылар осындай іс-шара, кездесулер өткізу барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу маңыздылығын атап өтті.

Отырысқа мемлекеттiк қызметкерлер, «Нұр Отан» пртиясының мүшелері, тұрғындар және жастар қатысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-na-ty-zho-deymiz-ta-yrybynda-y-otyrys-775831](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-na-ty-zho-deymiz-ta-yrybynda-y-otyrys-775831)