---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік"
description: "2017 жылдың 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-02-24T08:20:41+00:00"
modified: "2017-02-24T08:20:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhalpy-a-orta-abyldamaudy-alyptastyruda-y-ruhaniyat-pen-adamgershilik-757640"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhalpy-a-orta-abyldamaudy-alyptastyruda-y-ruhaniyat-pen-adamgershilik-757640/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік

> 2017 жылдың 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2017 жылдың 24 ақпанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханият пен адамгершілік» тақырыбында аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс арқылы семинар-кеңес өткізілді.

Батыс Қазақстан облысында семинар-кеңес жұмысына Департамент, облыстық басқармалар басшылары, діни ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және арнайы мониторингілік топтың өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесте рухани және адамгершілік қасиеттер шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, діни және үкіметтік емес ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жұмыстарын кеңейту мәселелері талқыланды.

Шара барысында республика бойынша семинарға қатысушылар тәжірибелерімен пікір алмасты. Жұмыстарды қорытындылаған соң, Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. діни бірлестіктер қазірдің өзінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің қаупі туралы ескертіп, одан аулақ болуға шақырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиеде өз үлестерін қосып жатқандығын атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhalpy-a-orta-abyldamaudy-alyptastyruda-y-ruhaniyat-pen-adamgershilik-757640](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-zhalpy-a-orta-abyldamaudy-alyptastyruda-y-ruhaniyat-pen-adamgershilik-757640)