---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Астана күніне арналған мерекелеу іс-шараларына қатысуда"
description: "Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T06:33:15+00:00"
modified: "2015-07-15T06:33:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-kilderi-astana-k-nine-arnal-an-merekeleu-is-sharalaryna-atysuda-514317"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-kilderi-astana-k-nine-arnal-an-merekeleu-is-sharalaryna-atysuda-514317/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Астана күніне арналған мерекелеу іс-шараларына қатысуда

> Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл а...

Ағымдағы жылдың 2 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Астана қаласының күніне арналған бірнеше іс-шараларға қатысты. Алғашқы іс-шара облыстық әмбебап кітапханасында «Астана – жаңа ғасыр қаласы» атты көрме ұйымдастырылды. Аталған көрмеде Департамент қызметкерлері Н.Назарбаевтың «Астана – жерұйығы елімнің», А.Айталының «Байсалды ел байқау қате жібермес», С.Түгелдің «Астана история столицы и края» атты кітаптарды, сонымен қатар басқа да шығармаларды тамашалады. Кітапхананың өнер бөлімінде «Мирас», «Арай» аула клубтарының Астананың туған күніне орай оқытушыларының жұмыстары қойылған.

Келесі іс-шара Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті. Департамент қызметкерлері Астана күніне арналған бейнероликтерді тамашалады. Бұл көрмеде Қазақстанда көп ұлтты ел бірлесіп өмір сүріп жатқандығы, Есіл бойынан бой көтерген Астананың әсемділігі ұлтымыздың символы екенін көрсетеді.

Бұл күнде соңғы іс-шара Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат үйінде тәрбиеленуші балалармен ұйымдастырылған Астана күніне арналған мерекелік концерт ерекше орын алды. Аталған іс-шарада балалардың Астанаға деген сүйіспеншілігі зор екені байқалды. Тәрбиеленушілер өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Бұл концерт интернаттың оқушысы Қақабаев Темирбектің салған әнімен көрермен және тәрбиешілердің ортаға шығып билеуімен аяқталды. Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері «Астанам – бас қалам» тақырыбына Коклачов Юра – 7 жаста және Қоқабаев Темірбектің – 13 жаста салған суреттерін тамашалады. Департаменттің қызметкері А.Сванбаева балаларға және тәрбиешілерге құттықтау сөзін айтып, өзінің жылы лебіздерін білдірді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Астана күніне арналған мерекелеу іс-шараларына қатысуда](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/5qSuFls5O7o2XMdkkAZr8gBMa0ctGd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-kilderi-astana-k-nine-arnal-an-merekeleu-is-sharalaryna-atysuda-514317](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-kilderi-astana-k-nine-arnal-an-merekeleu-is-sharalaryna-atysuda-514317)