---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек"
description: "Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-28T22:31:25+00:00"
modified: "2017-05-28T22:31:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-subektilerge-distemelik-k-mek-768219"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-subektilerge-distemelik-k-mek-768219/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек

> Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан...

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/y9l47P5EWJlob9t81n12a0U7S5h7U2.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен жергілікті атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету жалғасуда.

2017 жылғы 26 мамырда Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы О.Н. Брюнина төрт мемлекеттік мекеме – ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаменті, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi және Петропавл қаласы әкімдігінің ветеринария бөлiмiнің ұжымдарына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын арттыруға бағытталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және ішкі талдауды жүргізу тәртібі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы субъектілерге әдістемелік көмек](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/MP09gS1971OOnIfOi92eGw1S5Mlby7.jpg)

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың бірі болып табылатын ішкі талдау жүргізуді маңыздылығы ерекшеленді. Түсіндірме барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, мониторинг жүргізудің үлгілік қағидаларын түсіндіруге ерекше мән берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-subektilerge-distemelik-k-mek-768219](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-subektilerge-distemelik-k-mek-768219)