---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T22:11:02+00:00"
modified: "2015-09-22T22:11:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-545746"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-545746/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **8 қыркүйегінде** **Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының конференц-залында** Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы **Сұлтан Сахан** Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнорликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/hA7TN68pS6C1uvrp2Ysj41b6PaVUAE.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-545746](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-t-sindirildi-545746)