---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары Бейнеу ауданында түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T22:18:27+00:00"
modified: "2015-09-22T22:18:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-beyneu-audanynda-t-sindirildi-545753"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-beyneu-audanynda-t-sindirildi-545753/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары Бейнеу ауданында түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **2 қыркүйегінде Бейнеу аудандық кітапханасында** Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Іс-шара барысында Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі басшысының орынбасары А.Бегимов Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.

Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы**, Департаменттің ресми anticorruption-mangystau.kz** порталындағы **басшының жеке блогына** арыз-шағым түсіру мүмкіндігі бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнорликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары Бейнеу ауданында түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/20A3LkmF4C3YW7q3Nkg3YF3s98flaY.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-beyneu-audanynda-t-sindirildi-545753](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyasyny-talaptary-beyneu-audanynda-t-sindirildi-545753)