---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз!"
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияныжүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз! 2015 жылғы 9 сәуірде Қа..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-04-09T07:04:11+00:00"
modified: "2015-06-18T03:53:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-zh-zege-asyru-barshamyzdy-mindetimiz-490220"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-zh-zege-asyru-barshamyzdy-mindetimiz-490220/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз!

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияныжүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз! 2015 жылғы 9 сәуірде Қа...

**Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны** **жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз!** 2015 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» түсіндіру бойынша Жуалы ауданының активімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру баршамыздың міндетіміз екендігін атап өтті. Жуалы ауданының әкімі Б.Құлекеев ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсе, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы З.Сұлтанмұратов стратегияны жүзеге асыруда партияның атқаратын ролі туралы баяндады. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар тарапынан Ғ.Тұрсынбаевқа сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды. Кездесу соңынан Ғ.Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру – баршамыздың міндетіміз!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/U9lyl0R1JdwBZp7ELJKYh65jhyHj2H.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-zh-zege-asyru-barshamyzdy-mindetimiz-490220](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-zh-zege-asyru-barshamyzdy-mindetimiz-490220)