---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері жөніндегі дөңгелек үстел"
description: "А.ж. 17 қарашада «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2016-11-19T02:49:16+00:00"
modified: "2016-11-19T02:49:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-negizgi-aspektileri-zh-nindegi-d-gelek-stel-727874"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-negizgi-aspektileri-zh-nindegi-d-gelek-stel-727874/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері жөніндегі дөңгелек үстел

> А.ж. 17 қарашада «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдение...

А.ж. 17 қарашада «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім шеңберінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты - білім мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және тәрбиелеу бойынша қызметті жандандыру.

Дөңгелек үстелге Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Б. Сыздықов, «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директорыМ. Әлжапарова, «Әулет» МТЖ орталығының «Нұр Отан» алғашқы партия ұйымының төрайымы Г. Каримолдина, сонымен қатар, Көкшетау қаласының орта мектептерінің шығармашылық үйірмелерінің жетекшілері, департамент қызметкерлері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп отырған жұмыс жөнінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі аспектілері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының жүзеге асырылуы», «қызметкерлер, ата-аналар және оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылықты арттыру жөніндегі бірлескен жұмысты жетілдіру» тақырыптарындағы баяндамалар оқылды.

Іс-шара барысында қатысушылар арасында ашы-жарқын әңгіме өрбіді. Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша әрі қарай бірлесіп жұмыс жасау тетіктері талқыланды.

![Департамент госслужбы](http://akm.kyzmet.gov.kz/sites/default/files/news/dsc_0007_0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-negizgi-aspektileri-zh-nindegi-d-gelek-stel-727874](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-negizgi-aspektileri-zh-nindegi-d-gelek-stel-727874)