---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді"
description: "2015 жылдың 29 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент..."
author: "AnticorAktobe"
published: "2015-06-16T21:46:44+00:00"
modified: "2015-06-16T21:46:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-iske-asyru-zholdary-ta-yrybynda-ylymi-t-zhiribelik-konferenci-513917"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-iske-asyru-zholdary-ta-yrybynda-ylymi-t-zhiribelik-konferenci-513917/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

> 2015 жылдың 29 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент...

2015 жылдың 29 мамырында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Аталған шараның маңыздылығы мен мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру үшін заңнамаларды жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылау болып табылады. Бұл конференцияға облыстық мемлекеттік мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, облыстық және аудандық маслихаттардың және «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық институттардың және жастар қозғалысының өкілдері, ардагерлер, сонымен қатар жоғарғы және орта оқу орындарының ғалым ұстаздары, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты. Өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жолдары тақырыбындағы ғалымдардың және әр түрлі сала өкілдерінің мақалаларынан құрылған арнайы жинағы мен конференция бағдарламасының буклеттері дайындалды. Сонымен бірге, аталған шарада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы имидждік фильм көрсетілді. Конференция қорытындысы бойынша мақала авторларының айтқан ой-пікірлері назарға алынып, департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына ұсыныс ретінде қабылданды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-iske-asyru-zholdary-ta-yrybynda-ylymi-t-zhiribelik-konferenci-513917](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiyany-iske-asyru-zholdary-ta-yrybynda-ylymi-t-zhiribelik-konferenci-513917)