---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шекарашыларға түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-09-22T22:19:30+00:00"
modified: "2015-09-22T22:19:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-shekarashylar-a-t-sindirildi-545755"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-shekarashylar-a-t-sindirildi-545755/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шекарашыларға түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің *(әрі қарай - Департамент)* ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **4 қыркүйегінде** ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті Өңірлік Басқармасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптарын түсіндіру мақсатындағы лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** іс-шараның мақсаты, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты **Ақмарал Сванбаева** әскери қызметшілерге ҚР Қылмыстық кодексінің, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысты баптарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстарға қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктері туралы сөз етіп, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын жеткізді.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шекарашыларға түсіндірілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/dBU13ivcfrmHICt774rJTt6jayyCkq.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-shekarashylar-a-t-sindirildi-545755](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-shekarashylar-a-t-sindirildi-545755)