---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мемлекеттік мекемелерде"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:44:30+00:00"
modified: "2015-07-15T07:44:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-memlekettik-mekemelerde-521934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-memlekettik-mekemelerde-521934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мемлекеттік мекемелерде

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың **2 маусымында** Маңғыстау облысының **Дін істері** басқармасы, **Энергетика және коммуналдық шаруашылық** басқармасы**,** **Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында** мемлекеттік қызметті өткеру және мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинарлар өткізілді.

Семинарлар барысында алғашқы болып аумақтық Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы **Ербол Жұмабай** іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін бағалау методикасы, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары бойынша түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің бас маманы **Сұлтан Саханның** Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша баяндамасы тыңдалды.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми [www.anticorruption.gov.kz](http://www.anticorruption.gov.kz) сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған [www.1494.kz](http://www.1494.kz) порталының, **1494** **Call-центрінің** жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мемлекеттік мекемелерде](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/XN5OXLRefFf4V66GEXI6kwGcmVrou2.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-memlekettik-mekemelerde-521934](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-strategiya-memlekettik-mekemelerde-521934)