---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы FM толқынында"
description: "2017 жылдың 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-06T07:37:34+00:00"
modified: "2017-09-06T07:37:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-turaly-fm-tol-ynynda-777876"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-turaly-fm-tol-ynynda-777876/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы FM толқынында

> 2017 жылдың 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агент...

2017 жылдың 6 қыркүйекте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин облыстық радионың «Заң аясында» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

Өз сөзінде ол радиотыңдаушыларды Департаменттің қызметімен, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде, бұл орайда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екендігіне назар аударылды.

Одан әрі қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен күресін шоғырландыру, өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптардың білім бағдарламасына қосылуы және БАҚ рөлі жөнінде айтылды.

Тікелей эфир соғында басқарма басшысы радиотыңдаушыларды заң нормалары бойынша және сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болғанда Агенттіктің «1424» Кеңес орталығына қоңырау шалу арқылы кеңестер алуға болатындығы туралы ақпараттандырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-turaly-fm-tol-ynynda-777876](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-turaly-fm-tol-ynynda-777876)