---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау"
description: "2016 жылдың 24 мамыр күні Орал қаласының жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайл..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-05-30T03:50:19+00:00"
modified: "2016-05-30T03:50:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-695442"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-695442/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

> 2016 жылдың 24 мамыр күні Орал қаласының жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайл...

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/UAJ2j875h72DIrYpbl7qaKNfKh1Ae0.jpg)

**2016 жылдың 24 мамыр** күні Орал қаласының жер қатынастары бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау» тақырыбында семинар-кеңес оздырылды.

Семинар-кеңесте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының өкілдері жер қатынастары қызметкерлерін еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы жұмыстармен таныстырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қалай талдау жүргізу жөнінде кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, өткен жылдың сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау тұрғысынан жүргізілген талдау қорытындылары сараланды.

Шара барысында сауалнама жүргізілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/pyKC82DA1uHTW66AI8uu4CvcTVt6Mi.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-695442](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-monitoring-zh-ne-sybaylas-zhem-orly-t-uekelderin-taldau-695442)