---
title: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады"
description: "Ағымдағы жылғы 28 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын..."
author: "finpolsko"
published: "2015-11-02T06:33:55+00:00"
modified: "2015-11-02T06:33:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-nasihattau-toby-irimizdi-audandaryn-aralady-633639"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-nasihattau-toby-irimizdi-audandaryn-aralady-633639/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады

> Ағымдағы жылғы 28 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын...

Ағымдағы жылғы 28 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады. Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашевтың бастамасымен сапар шеккен топ, осы жолы Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарға ат басын тіреді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/2vPQsUvib59bv2lWOcsosi23ZPgngl.jpg)

Аудандық мәдениет үйлерінде өткен кездесулерге аудан активі түгелдей қатысты. Өйткені Ә.Қ. Мұқашев жиылған қауымға Агенттіктің алдына қойған міндеттері, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берді. Баяндамашы тұрғындарға үндеу жасау кезінде, қоғам мен мемлекеттің бірлесуін көздейтін, жемқорлық дертінен толықтай емделудің жолдарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда ерекше көңіл бөлінгендігін жеткізді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/0drIuHdPeoR7LliBmpJ2j1Lgd24k0i.jpg)

Ал «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының Бірінші институционалды реформасын жүзеге асыру аясында қабылданған, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының негізгі қағидаларына мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Е.Ф. Степаненко толығырақ тоқталды. Тәртіптік кеңес жұмысы және көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына бақылау, қызметтік этика туралы ақпаратымен Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаев бөлісті. Аталған тақырыпты тарқатқан Айыртау және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, есептік мерзімде өздері көрсеткен мемлекеттік қызметтері жайлы есеп берді. Отырысты аяқтаған жұмыс тобының мүшелері, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді өз көздерімен көру үшін бірқатар нысандарды аралады. Департамент басшысының орынбасары А.Қ. Мұқашев сапар барысында әр ауданның «Нұр Отан» партиясы филиалдарында азаматтарды жеке қабылдауын да өткізді. Мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысқан тұрғындар, мемлекеттік қызметке орналасу туралы сұрақтарымен жүгінді. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңының қабылдануына байланысты кадрлық іріктеу, мемлекеттік қызметке орналасушыларға бағалау санаттары туралы және өзге де мәселелер көтерілді.

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ZtSLD9Bt63UrOzRq7HpkG9imZz1fNu.jpg)

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/153zeSek9qjLjgsUT9NicnmYs4dhq8.jpg)

![Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді-насихаттау тобы өңіріміздің аудандарын аралады](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/ef0YDLQvC6gRo0kDcxwy30qsUaExTH.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-nasihattau-toby-irimizdi-audandaryn-aralady-633639](https://yvision.kz/kk/post/sybaylas-zhem-orly-a-arsy-mobildi-nasihattau-toby-irimizdi-audandaryn-aralady-633639)